ТҮРКІСТАН: Қала құрылысына қажетті кірпіштің 60 пайызы Ордабасы ауданынан келеді

0
1 535

«Агро-V» ЖШС-нің жаңа қыш зауытына жалпы құны 526,9 млн теңге.


ТҮРКІСТАН: Қала құрылысына қажетті кірпіштің 60 пайызы Ордабасы ауданынан келеді

Ордабасылық қыш өндіру зауыты күніне 70 мыңға жуық күйдірілген кірпіш шығарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Агро-V» ЖШС-нің автоматтандырылған жүйедегі зауыт жаңа заманауи технологиялармен жабдықталған. Зауыт «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Агро-V» ЖШС-нің жаңа қыш зауытына жалпы құны 526,9 млн теңге, инфрақұрылымын дамыту мақсатында жалпы ұзындығы 0,7 шақырым, ені 8 метр жерге асфальт жолы, жалпы ұзындығы 5 шақырым қашықтыққа электр бағаналарын орнатып, желі тартыса, тереңдігі 80-100 метрлік 2 ұңғыма, сондай-ақ 1 су мұнарасы орнатылып және жалпы ұзындығы 5,1 шақырымға байланыс желісін тартылған. Инфрақұрылым 148,0,0 млн. теңгеге жүргізілді. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Агро-V» ЖШС қыш зауытына газ құбыры тартылған.

"Зауыт 60 адамды жұмыспен қамтыған. Оларды орташа жалақылары 103 мың теңге. Өнідіріп жатқан өніміміз 120 маркалы кірпіш, ол көпқабатты тұрғын үйлерге арналған. Зауыт сыртында өзіміздің жеріміз бар, сол жерден топырақ аламыз. Топырақтың құрамында; топырақ, сазды балшық (бентонит), көмір қосылады. Осылардың қосындысынан осындай өнім алып отырмыз. Аталған кірпіштер 800-900 градустық пештен күйдіріліп шығарылады. Кірпіштердің 60 пайызы Түркістан облысына жібереміз. Ал, кірпіштің бір данасы 42 теңге тұрады", - дейді өндіріс басшысы Нұрбол Темірбек.