ТҮРКІСТАН: Қалалық маңызы бар жолдар зерделенді

0
197

Облыс әкімі баспана сапасына баса назар аударуды, құрылысты кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Қалалық маңызы бар жолдар зерделенді

Облыс әкімі Түркістан қаласында атқарылып жатқан жол жөндеу жұмыстарын бақылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды салаға жауапты басшылармен бірге облыс орталығы – Түркістан қаласында атқарылып жатқан жол жөндеу жұмыстарын бақылады.


“Бірінші кезекте, қалалық маңызы бар жолдарды реттеуіміз керек. Ескі қала аумағындағы ішкі жолдарды да назарға алған жөн. Тұрғындардан жол сапасы бойынша наразылығын көп естимін. Жол құрылысын қолға алған мердігерлер мен сапасын қадағалаушы мекемелер тиісті деңгейде жұмыстарын атқарсын”, – деген аймақ басшысы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.


Қала әкімі тарапынан Ж.Майкотов және Тәуке хан көшесі аралығына жол салу бойынша ұсыныс айтылып, жобасы таныстырылды. Бұл жолдың ұзындығы 1,47 шақырымды құрайды. Жобаны биыл іске асыру жоспарлануда. 2020 жылы жасалған жобаның жобалық сметалық құны 832,06 млн теңге болған. Түзетуден кейінгі құны қымбаттаған. Жоба қайта мемлекеттік сараптамадан өткізілуге ұсынылды.


Түркістан қаласындағы “Ясауи” тұрғын үй кешенінің құрылысы да аяқталуға жақын. Жаңа тұрғын үйден 88 отбасы баспаналы болады. Облыс әкімі баспана сапасына баса назар аударуды, құрылысты кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды.