Түркістан қаласы маңында су жайылу қаупінің беті қайтарылды

0
389

Су деңгейі қалыпты жағдайға түсті.


Түркістан қаласы маңында су жайылу қаупінің беті қайтарылды

Түркістан қаласы аумағында «Арыс-Түркістан» су арнасының қала аумағында 2-ақпан сағат 18:20-дан бастап сел жүре бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірдегі арналар мен каналдар тазартылып, тиісті жұмыстар жүрген болатын. Дайындық күшейтілді.


Түркістан қаласы аумағында «Арыс-Түркістан» су арнасының қала аумағында 2-ақпан сағат 18:20-дан бастап сел жүре бастады. Арна бойында орналасқан 6 көпірде жалпы 22 арнайы техника ұйымдастырылып, мұзды бұзу және арту жұмыстары жүргізілді. Облыс, қала әкімдігі, төтенше жағдай қызметі өкілдері мен еріктілерден 150-ден астам азамат су қаупінің бетін қайтаруға күш салды. Нәтижесінде сел қала аумағына зарарсыз өтті. Түнгі сағат 02:30-дан асқан уақытта мұз ағыны тыйылып, су деңгейі қалыпты жағдайға түсті.