Түркістан қаласы мектептерінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері тапшы

0
176

Ал ағылшын тілі пәні мұғалімі сұранысқа ие.


Түркістан қаласы мектептерінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері тапшы

Кеше Түркістан қалалық "Адами капиталды дамыту" бөлімінің басшысы Батырбекова Ақмарал Үсенқызы онлайн қоғамдық қабылдау өткізді. Онлайн қабылдауда биылғы оқу жылында орын алып жатқан бірқатар өзекті мәселелерге жауап берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қабылдауда мектепке жұмысқа орналасу аясында сұрақтар қойылып, Ақмарал Үсенқызы маман іздестіріп жатқан оқу орындарына электронды түрде орналасу жайын түсіндірді.
Сонымен қатар, мектептердегі жағдайы төмен отбасы балаларына берілетін көмек түрлері айтылды.
Атап айтқанда, тегін ыстық тамақ пен мектеп формасы, аз қамтылған отбасы балаларына жасалатын: баланы лагерге жіберу, олимпиадаларға қатысқан жағдайда жұмсалатын қаржыны мектептің қамтамасыз ету мүмкіндіктері түсіндірілді. Және де қашықтықтан оқыту жағдайында берілетін техникалық құрал қажеттіліктері сөз етілді. Аталған әлеуметтік көмекті алу үшін, оқып жатқан мектеп басшысына өтініш жазылуы керек. Өз кезегінде мектептегі қамқоршылық кеңесі шешімімен әлеуметтік көмектермен өтініш беруші отбасы қамтамасыз етіледі.
Ақмарал Үсенқызының қашықтықтан оқыту жүйесі үшін қаламызда осы уақытқа дейін 2675 планшет, 566 дана компьютер оқушыларға қолдануға берілген. Алдағы уақытта 4500-ге жуық компьтер мен ноутбуктар беріледі деп күтілуде.
Айта кетейік, қазірде қаламыздағы мектептерде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері тапшы және ағылшын тілі пәні мұғалімі сұранысқа ие.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет