Түркістан қаласы полиция басқармасының бастығы тағайындалды

0
4 392

Түркістан облысы Полиция департаментінде кадрлық ауыс-түйістер орын алды.


Түркістан қаласы полиция басқармасының бастығы тағайындалды

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Қайрат Дәлбековтың бұйрығымен, полиция полковнигі Данияр Мейірхан Түркістан қаласы Полиция басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жөнінде Түркістан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің бастығы Салтанат Қаракөзова өзінің "фэйсбук" парақшасында жазды.

Бұған дейін Мейрхан Данияр Мейрханұлы Шымкент Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы, Сайрам АІІБ бастығы болып еңбек еткен.

Сонымен қатар, полковник Бауржан Жанаев Төлеби ауданы Полиция бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалғанын айта кеткен жөн.