Түркістан қаласында 400 орындық оқу залы бар кітапхана ашылады

0
1 558

Шымкент қаласы тарту еткен.


Түркістан қаласында 400 орындық оқу залы бар кітапхана ашылады

Түркістан қаласының дамуы мен көркеюіне Қазақстанның бірнеше қалалары мен облыстары да атсалысуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыс орталығы болғалы Түркістан қаласында бой көтерген теңдесіз нысанның бірі – ғылыми-әмбебап «Farab» кітапханасы. Қоры 250 мыңнан астам кітаптан құралған білім ордасы заманауи техникалармен жабдықталған. Оқу залы 400 орындықты қамтиды. Азаматтардың адами капиталын дамытуда кітапхана қоры жаңартылып тұратын болады.

Шымкент қаласы тарту еткен кітапхана үш қабаттан тұрады. Бірінші қабатта Fab-lab орналасқан. Онда оқырмандар бір-бірімен кездесіп, бас қосуына болады. Екінші қабатта түрлі студиялар, шеберханалар мен қолөнер дүкендері бар. Мұнда кітапқұмар қауымның шабыттанған дүниелерін, жаңа идеяларын жүзеге асырып, өз қолымен жасап шығаруына жағдай жасалған.

Ең жоғарғы үшінші қабат әлем және қазақ ақын-жазушыларының, ғұлама-ғалымдарының еңбектері, күнделіктері, естеліктерімен толықтырылған. Ал, кітапхананың ең төменгі қабатында ғылыми-зерттеуге барлық жағдай жасалған. Өте сирек кездесетін кітаптар мен монускриптілердің қоймасы бар бұл ғимаратта құнды дүниелерді қайта қалпына келтіріп, цифрландырып сақтап қалуға болады.