Түркістан қаласында арнайы техника саны артты

0
851

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.


Түркістан қаласында арнайы техника саны артты

Түркістан қаласында жасыл желекті күтіп-баптауға арналған 40-қа жуық АҚШ техникасы жұмыс істейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында арнайы техника саны артты. Қала жасыл желекті күтіп-баптауға арналған 40-қа жуық АҚШ техникасымен толықты. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Түркістан қаласындағы саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау және ішкі ирригациялық жүйелердің жай-күйі – басты назарда. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев шаһардағы жаңа саябақтардың жайымен танысып, ондағы тазалыққа жауапты азаматтармен жолықты. Жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.


Бүгінде Түркістан қаласыда 400 гектар жерге жайғасқан 11 саябақ, 5 жасыл аймақ, 25 аллея мен гүлзар және 100-ге жуық көше бар. Әр саябақ креативті әрі ерекше үлгіде салынды. Демалыс аумақтары жарықтандырылып, көпжылдық және гүлді ағаштар егілген.


Көше шаһардың заманға сай жаңғырып, жаңадан бой көтерген бөлігі көрсе көз тояр ғажайып қалаға айналды. Түркістанды Түркі әлемінің рухани-мәдени орталығына айналдыру бағытындағы жұмыстар жалғаса береді.