​Түркістан қаласында еліміздің ең үздік радиологтары бас қосты

0
1 026

Конференция аясында Түркістан облысындағы жаңадан сатып алынған, теңдесі жоқ Компьютерлі томографияда (КТ) шеберлік сабағы көрсетілді.


​Түркістан қаласында еліміздің ең үздік радиологтары бас қосты

Түркістан қалалық орталық ауруханасында "Радиология саласының өзекті мәселелері" тақырыбын талқылаған ғылыми практикалық конференция өтті деп хабарлайды ERNUR.KZ. тілшісі.

Маңызды басқосуды Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы және Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы басшылығы ұйымдастырды. Жиынды Даутов Тайрхан Бекполатович м.ғ.д, профессор, ҚР радиология қоғамының президенті, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, сәулелік диагностика бөлімінің меңгерушісі өткізді. Басқосуға Түркістан облысы радиология саласының мамандары Сарағаш, Кентау, Жетісай, Сайрам, Ленгір, Шымкент және басқа да аудандардан жиналды.

Түркістан облысындағы жаңадан сатып алынған, теңдесі жоқ Компьютерлі томографияда (КТ) шеберлік сабағы көрсетілді. Бас-ми қан айналым бұзылыстары, кеуде қуысы, іш қуысы сырқаттары бар науқастарды тегін компьютерлі томографияда диагностика жасап, кеңестер берді. Өңіріміздің барлық аудандарынан арнайы келген дәрігерлерді жаңа КТ аппаратында түсіру ерекшеліктерімен таныстырды. Себебі бұл КТ аппараты өңіріміздегі ең озық технологияның бірі. Aquilion 84 Prime SP маркілі компьютерлі томография Жапония елінде шығарылған. Соңғы үлгідегі заманауи қондырғы адам азғасын аз ғана уақытта толық тексеріп, анықтауға мүмкіндік береді. Қондырғы бір айналғанда 160 кескінді сурет бере алады. Келген қонақтар білімдерін толықтырып, өздеріне керекті сұрақтарын қойып, жауабын алды. Конференция соңында мамандарға арнайы сертификаттар табысталды.