​Түркістан қаласында құрылыс нысандары көбейеді

0
605

Түркістанның мәдени-рухани орталығын дамыту жұмыстары жалғасуда.


​Түркістан қаласында құрылыс нысандары көбейеді

Түркістан облысының орталығы жаңа нысандармен толығып келеді. Құрылғанына үш жыл енді ғана толған киелі қала Түркістанда бүгінде көз тоқтатып, көңіл қуантатын нысандар көбеюде.

Атап айтар болсақ, ең алдымен спорттық нысандарды мысалға алуға болады. Облыс әкімінің бастамасымен бірнеше жаңа спорттық нысандар бой көтеріп, құрылысы қарқынды жалғасып жатыр. Баса назар аударатын жайт - кез келген ғимараттар қаланың тарихи болмысы мен заманауи сәулетіне негізделіп салынуда.

Солардың бірі - Түркістанның орталығында саалынып жатқан "Мұз сарайы". Бүгінді қарқынды жүріп жатқан құрылыс нысаны әлемдік стандартқа сәйкес құрылған. Үлкен мұз айдыны 1200 адамға лайықталып, барлық талапқа сай салынуда. Болашақта мұз айдынында жаттығып, спортта үлкен белестерді бағындыратын чемпиондардың алаңы болатын бұл Мұз сарайы осы жылдың соңында ашылмақ. Әлбетте, қала тұрғындары да мұны асыға күтуде.

Сонымен қатар, көпшілікті қуантып, қала халқына сүйіншілететін тағы бір спорттық нысан - "Теннис орталығы" болғалы тұр. Келешекте қазақ елінің атын шығаратын теннисшілерді тәрбиелейтін бұл орталықта кәсіби әрі әуесқой жандар тенниспен айналысу үшін барлық жағдай жасалған. Теннис кортынан өзге киіну, арнайы залдары мен білім беретін орталығымен қоса жан-жақты жағдайы жасалған Теннис орталығының құрылысы жыл бойына жүргізілген болатын.


Тек бұлар ғана емес, биыл Түркістан қаласында Олимпиадалық резерв мектебінің әкімшілік ғимараты мен жатақханасы, Б.Саттарханов спорт кешені, «Ат спорты кешені» секілді жаңа спорт нысандары да ашылады. Жалпы аумағы 35 гектар жерді алып жатқан ат спорты кешенінде поло-клуб, манеж, стендтік атысқа арналған алаңқай, садақ атуға арналған алаң мен канал арқылы өтетін көпір және атпен серуендеу аймағы болады күтіліп отыр.

Түркістан қаласының көркін ашатын тағы бір нысан - «TURAN» футбол академиясы. 20 гектар жерде орналасқан академияның құрылысы бүгінде қарқынды жүруде. Әлем елдерінің көңілінен орын тепкен бұл спорт түріне арналған құрылыстың бітуін қала халқы асыға күтуде. Себебі, мұнда спортшыларға Еуропаның үздік клубтарындағыдай жағдай жасалатыны айтылған. Жаңа кешенде үлкен және шағын 10 футбол алаңы мен арнайы допинг-бақылау кабинеттері, 300 орынды қонақүй, спортшыларға арналған монша, мейрамханалар және мәжіліс залдары бар. Сауықтыру орнында медициналық, массаж кабинеттері мен жеке блоктар бар.

Түркістан келбеті мен әлеуетін аша түсетін тағы бір спорттық нысан - облыс орталығындағы спорт кешенінің құрылысы. Халықаралық талаптарға сай жүргізіліп жатқан спорттық кешеннің ауданы 100 гектарға жуық алаңда орналасқан. Су спорты кешенінде ұзындығы 2,5 шақырымға созылатын су арнасы бүгінде салынып бітті. Әмбебап оқу жаттығу базасында жоғары деңгейдегі жарыстар өткізілмек. Құрылыстың екінші кезеңінде мұнда олимпиадалық стандартқа сай орталықта қонақүйлер, бассейн, эллинг, каноэге арналған пирстер, көрермендерге арналған жай, көпірлер салынады. Спорт кешенінде сапбординг, су шаңғысы, флайбординг, вейксерфинг, канополо, драгонбот және жағажай ойындар футболы, волейбол, гандбол, регби секілді су және жағажай спортының танымал түрлерінен сайыстар өтеді.


Тек қана спорттық нысандар емес...

Түркістан шаһарының дамуы облыс басшысының тапсырмасымен бүгінде төрт аумақта жүзеге асырылып жатыр. Жоғарыда айтылғандай, тек спорттық нысандар ғана емес, мәдени-рухани орталықтардың құрылысы мен қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылып жатыр. Атап айтсақ, «Күлтөбе» қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Бұдан бөлек, «Керуен Сарай» тұрғын үй кешені, «Аманат» коттеджді қалашығы, «Medina Palace» қонақ үйі, «Қылует» мәдени-рухани орталығы бой көтеріп келеді. Сондай-ақ «Яссы» желілік саябағы, ірі сауда орталықтары бой көтеріп, 182 га универститеттік ботаникалық бақты күтіп-баптау, «Парк Лайн» коттедж кешенінің құрылысы да қарқынды жүріп жатыр.
Сонымен қатар халықаралық әуежай аумағында да 12 жоба іске асырылатын болады. Оның ішінде 100 орындық қонақ үй, үш ұшақ тұрағын салу да көзделіп отыр.


Мұндай қарқынды құрылыспен Түркістанның келешек келбеті ғашап, көркі көз тоярлық болатынына сенім мол. Әлбетте, мұның барлығы да елдің игілігі, халықтың қамы үшін үшін жасалып жатқан істер.

ERNUR.KZ.