Түркістан қаласында суағарлар құрылысы қарқынды жүріп жатыр

0
2 161

​Рашид Абатұлы түрлі сала бойынша атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын бақылады.


Түркістан қаласында суағарлар құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Қалада экологияны жақсарту мақсатында арықшалар құрылысы қарқынды жүріп келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шаhар басшысы құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлермен кездесу барысында: "Бізге нәтиже қажет, бізге сапа қажет. Бастаған істеріңізді аса жауапкершілікпен, кестеге сай, талап бойынша атқарып, уақытында тапсыруларыңызды сұраймын", - дей келе, жұмысшы санын арттырып, ширатуды тапсырды.

Жалпы, қазірде "Отырар" ықшам ауданы аумағында 13 көшенің 6 көшесінде суағар жүргізілген. Қалған көшелерде де дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Ботаникалық бағы аумағында да R-33 каналынан Шипа су аумағына жалғасатын ирригациялық канал құрылысы жүруде. Мұндағы тасарық аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, Рашид Абатұлы қалалық саябақта (Дендро парк) жүргізіліп жатқан жұмыстар барысын көрді. Мұнда 12000 ағаш егілуі жоспарланса, қазірде 9750 тал егілген. Қала әкімі кіре-беріс арка мен колизейдің дизайны бойынша оюмен әрлеу жұмыстарын жылдам аяқтауды тапсырды. Одан өзге, "Отырар" ықшам ауданында құрылысы жүріп жатқан үйлерді аралап, сыртқы әрлеу жұмыстарын сапалы орындау қажеттігін баса айтты.