Түркістан қаласының активі Жолдауға қолдау білдірді

0
2 283

Жиында сөз алған қала әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков Жолдауды жүзеге асыруда бөлім басшылары өз ұжымында насихаттап, мектеп директорлары ата-аналармен басқосу өткізу керектігін атап өтті.


Түркістан қаласының активі Жолдауға қолдау білдірді

Қалалық мәдениет үйінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау мақсатында Түркістан қаласы активінің жиыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оған қалалық мәслихат хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев, «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Темірбаев, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында сөз алған қала әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков Жолдауды жүзеге асыруда бөлім басшылары өз ұжымында насихаттап, мектеп директорлары ата-аналармен басқосу өткізу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, Жолдаудағы айтылған жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын сөз етіп, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының электронды форматта жүзеге асырылып жатқандығының арқасында жаңаша мүмкіндіктер туындап отырғандығына тоқталды.
Мінберде сөз алып, Жолдауға-қолдау білдірген Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің профессоры, ф.ғ.д Бекжігіт Сердәлі, Абай атындағы №31 жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ақерке Сәрсенбаевалар өз пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, облыстық ақсақалдар алқасының мүшесі Әбдікамал Әшімбеков Жолдаудағы айқын басымдылықтарды қолдай отырып, ондағы жүктелген тапсырмаларды бірлесе орындауға шақырды.