Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы тағайындалды

0
2 532

Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасының бастығы лауазымдарында жұмыс істеген.


Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы тағайындалды

Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы болып Руслан Нұрланұлы тағайындалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №32 жеке құрам бойынша Бұйрығына сәйкес, азаматтық қорғау подполковнигі Орынбеков Руслан Нұрланұлы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар Департаменті, Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Руслан Нұрланұлы 1979 жылдың 25 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Алғабас ауданы Шаян селосында (қазіргі Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы Шаян ауылы) дүниеге келген.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Кәсіби оқыту» мамандығы бойынша, 2012 жылы Академиялық инновациялық университетінде «Экономика» мамандығы бойынша, 2015 жылы Ресей Федерациясының ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын «Управление воинскими частями и соединениями» мамандығы бойынша білім алған

Еңбек жолын Шымкент қаласындағы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының шұғыл кезекшісі болып бастаған.

2003 жылғы шілде айынан 2005 жылғы сәуір айына дейін Шымкент қаласындағы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының шұғыл қимылдау және ТЖ жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлау бөлімінің аға офицері, 2005 жылдың сәуір айынан 2008 жылғы шілде айына дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл қимылдау, күш және құралдар бөлімінің аға офицері, 2008 жылғы қыркүйек айынан 2009 жылғы ақпан айына дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті авариялық-құтқару қызметтері бөлімінің аға офицері,

2009 жылғы ақпан айынан 2013 жылғы тамыз айына дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының даярлау және халықты оқыту бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар, 2013 жылдың тамыз айынан бастап 2015 жылдың маусымына дейін Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау академиясының тыңдаушысы,

2015 жылғы шілде айынан желтоқсан айына дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары,

2015 жылғы желтоқсан айынан 2017 жылдың қазан айына дейін Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы,

2017 жылғы қазан айынан 2020 жылғы ақпан айына дейін Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары,

2020 жылғы ақпан айынан мамыр айына дейін Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасының бастығы лауазымдарында жұмыс істеген.