ТҮРКІСТАН: «Қалтадағы ХҚО» акциясы Сайрам ауданында жалғасын тапты

0
953

Акцияға қызыға қатысқан жүргізушілер онлайн-қызметтер алудың жолдарын үйрене отырып, электронды үкімет порталы арқылы өздеріне қажетті ақпараттарға қол жеткізді.


ТҮРКІСТАН: «Қалтадағы ХҚО» акциясы Сайрам ауданында жалғасын тапты

«Азамматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Сайрам аудандық мамандандырылған бөлім қызметкерлері «Қалтадағы ХҚО» атты акциясын автокөлік базарында өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы орталығынан бастау алған бұл акция барысында корпорация қызметкерлері автокөлік сату және сатып алуға келушілерге электронды үкімет порталын пайдалану және портал көмегімен автокөліктеріне «Азамматтарға арналған үкімет» бөлімдеріне бармастан көлік құралдарын есепке алу және есептен шығару, жүргізуші куәліктеріне онлайн тапсырыстар беруді, сондай-ақ Telegram желісінде EgovKzBot, Mgov бағыты бойынша қызметтер алу жолдарын үйретіп, ақпараттық брошюралар таратты.

Сондай-ақ, акцияға қызыға қатысқан 150-200 ге жуық жүргізушілер онлайн-қызметтер алудың жолдарын үйрене отырып, электронды үкімет порталы арқылы өздеріне қажетті ақпараттарға қол жеткізді.

Бұл іс-шара туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының ресми өкілі Амантай Егембердиев те өз пікірін білдірді.

«Онлайн болу – заман талабы. Қалтаңыздағы смартфон халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді жылдам алуға көмектеседі. Көрсетілетін электрондық қызметтер санының артуына байланысты мемлекеттік корпорация халық арасында қызметтерді онлайн алуды үйрететін шаралар өткізіп, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруда. Бұл қосымшаларды пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті. Оны ХҚО қызметкерлері жүзеге асырады. Тәртіп бойынша қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі мен ұялы телефоны байланыстырылып, базаға енгізілуі тиіс. Алдағы уақытта бұл іс-шара облысымыздың басқа да аудандарын қамту жоспарлануда», - деді А.Егембердиев өз сөзінде.

Айта кетейік, жыл басынан бері мобильді азаматтар базасында 376242-нан астам түркістандық тіркелген. Ал, Сайрам аудандық мамандандырылған ХҚО жыл басынан осы күнге дейін 26958 автокөлік тіркеу және 3240 жүргізуші куәлігіне өтініш қабылдаған.