ТҮРКІСТАН: Карантин талабын сақтамағандарға 224 млн теңге айыппұл салынды

0
1 315

Індетті жұқтырғандардың басым бөлігі карантиндік талаптарды сақтамай көпшілік орындарға барғандар.


ТҮРКІСТАН: Карантин талабын сақтамағандарға 224 млн теңге айыппұл салынды

Түркістан облысында карантин режимін бұзғандарға 224 млн теңге айыппұл салынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Асқар Ысқақов індетті жұқтырғандардың басым бөлігін вакцина салдырмағандар мен карантиндік талаптарды сақтамай көпшілік орындарға барғандар құрайтынын жеткізді.


«Бүгінгі күні облыста ауырып үй карантиніне жатқызылған азаматтар, жауапкершілікті сезінбестен қоғамдық орындарға шығу фактілері жиілеуде. Мәселен, 1 тамыз күнінен бері «Ashyq» бағдарламасының көмегімен 171 карантин талатарын азаматты анықтаса, оның 94-і «қызыл» статуспен қоғамдық орындарда қолға түскен. Карантин режимін бұзып жұмыс істеген объектілерге және жеке тұлғаларға 4000-ға жуық әкімшілік хаттама толтырылып, 224 млн теңге айыппұл салынды», – деді А.Ысқақов.


Айта кетейік, облыс бойынша пандемия басталғаннан бері «COVID-19» індетімен тіркелген жағдайлар саны 12 004 құрап отыр. Оның 10 252-сі жазылып шықса, 64-ті қайтыс болған.