ТҮРКІСТАН: Кәсіп бастауға ниеттілерге «Ауыл аманаты» жобасы түсіндіріліп жатыр

0
606

Нақты көмектер мен кеңестер берілді.


ТҮРКІСТАН: Кәсіп бастауға ниеттілерге «Ауыл аманаты» жобасы түсіндіріліп жатыр

Арыстағы ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасы кеңінен түсіндіріліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген пайызбен несиелендіру бағдарламалары мен Мемлекет басшысының бастамасымен ауылдағы халықтың табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасын ауыл тұрғындарына кеңінен түсіндіріліп жатыр. Осыған сәйкес, Арыс қаласы әкімінің тапсырмасымен құрылған арнайы жұмысшы топ ауыл тұрғындары және шаруа қожалық иелерімен тұрақты түрде кездесулер өткізіп келеді.


Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіруге құжаттар қабылданып жатыр. Арыс қаласы бойынша бұл бағдарламаны пилоттық режимде Ақдала және Дермене ауылдық округтерінде іске асыру жоспарланса, қала әкімдігінің ықпалымен аталған бағдарламаға Қожатоғай, Байырқұм және Жиделі ауылдары қосылған.


Осыған орай, қалалық сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жер қатынастары бөлімінің басшылары мен мамандарынан құралған топ өкілдері Ақдала, Дермене ауылдық округтарының аумағындағы елдімекендерді аралап шықты.


Кездесулерде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алатындығы және техниканы лизингке рәсімдеуге болатындығы түсіндірілді.


Бұдан бөлек, үй іргелік және кәсіпкерлік нысан жерін заңдастыру мен жеке кәсіпті дамытуға қатысты қолдау, көмек шаралары туралы дербес бөлім басшылары мен сала мамандары тарапынан әр азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құжаттарды рәсімдеуде нақты көмектер мен кеңестер берілді.