ТҮРКІСТАН: Қазақстандағы алғашқы жаялық шығаратын зауыт іске қосылды

0
535

Өнімді ЕАЭО және ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр.


ТҮРКІСТАН: Қазақстандағы алғашқы жаялық шығаратын зауыт іске қосылды

Түркістан облысында жылына 100 млн. дана жөргек өндіру жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында Қазақстандағы алғашқы ересектер мен балаларға арналған жаялықтар шығаратын зауыт өз жұмысын бастады. Түрік компаниясы «Royal Hijyen ve Sağlık Ürünleri San. Tic. A.Ş.» (Роял Хиджиен) және Түркістан облысының мүгедектер қоғамы «CaPable Group» бірлесіп, Сайрам ауданында өндірістік қуаты жылына 100 млн. дана болатын жөргек өндіру жобасын іске асыруды бастады. Өндіріс орнында 60 жаңа жұмыс орны ашылған. Жоба құны 3 млрд. теңгені құрайды.


Айта кету керек, бұл өндіріс ең алдымен облыстың барлық мүгедектерін жаялықтармен қамтамасыз етеді, ал қалған бөлігі басқа өңірлерге жіберіледі. Толық қуатқа шыққаннан кейін инвесторлар өз өнімдерін ЕАЭО және ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде отандық экспорттың дамуына қосымша серпін береді. Жобаны іске асыру барысында инвесторлар ҚР СІМ Инвестициялар комитетімен жасалған инвестициялық келісімшарт шеңберінде мемлекеттік преференцияларға ие болды.