ТҮРКІСТАН: Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне орай ғылыми конференция өтті

0
888

Елбасы Жарлығының арқасында Түркістан көркейіп, киелі шаһардың жылнамасы жарқын оқиғалармен толығып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне орай ғылыми конференция өтті

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Тұңғыш Президенті күніне арналған ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елбасының бастамасымен мемлекеттіаяқтан нық тұрғызу бойынша түрлі идеялар саяси-экономикалықреформалардың іске асуына, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына үлесін қосуда.

Осы орайда,Түркістанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған ғылыми конференция өтті. Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт, Елбасының курстасы Каримов Асетулла, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан жоғарғы медицина колледжінің жастар ұйымының төрағасы Дүкенбай Бақытжан Әбенұлы қатысты. Конференцияны ашып жүргізген С.Қалқаманов Н.Назарбаевтыңсарабдал саясаты,нәтижесінде бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен татулықтың мекеніне айналғанын атап өтті.

"Елбасымыздың Түркістан облысына, оның орталығы Түркістан қаласына ықыласы ерекше екенін білесіздер. Біздің алдымызда Елбасы сенімін ақтап, Түркістанды Түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналдыру үшін тер төгіп, аянбай еңбек етуіміз керек", - деді облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, жақында Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістанға арнайы келгеніне тоқталған жазушы Мархабат Байғұт Елбасының сұңғылалығы мен даналығын, оның шынайы болмысынсуреткер көзіменталдап айтып, тосын деректерді көпшілікке баяндады.

Атап айтсақ, Елбасының облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру жөніндегі Жарлығының арқасында Түркістан көркейіп, киелі шаһардың жылнамасы жарқын оқиғалармен толығып жатыр.

Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев бұрынырақ жарық көрген «Президент пен перзент» кітабының жазылудағы ел білмейтін деректерімен бөлісті.

Сонымен қатар, шарада Ұлт Көшбасшысының Қазақстанды дамыту жолындағы қайраткерлігі, ұлтқа деген қызметі, тұлғалық қасиеті ашыла түсті.

Айта кетейік, Елбасы Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері киелі Түркістан облысына 36 рет ресми сапарлап келген. Оның 36-шы сапары жуырда 4-5 қараша күндері болып өтті.