ТҮРКІСТАН: Қажымұқанның 150 жылдығына орай ауқымды кешен ашылады

0
784

5 гектарды құрайтын аумақ туристік орынға айналады.


ТҮРКІСТАН: Қажымұқанның 150 жылдығына орай ауқымды кешен ашылады

Ордабасы ауданында үлкен спорт кешені ашылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай биыл өзі жерленген Түркістан облысы, Ордабасы ауданында үлкен кешен салынатын болды. Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық көлік дәлізі бойынан бой көтеретін кешенге Темірлан ауылындағы музей көшіріліп, 5 гектарды құрайтын аумақ туристік орынға айналады.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілістің күн тәртібінде Түркістан қаласын дамыту мен спорт және туризм салаларында атқарылған жұмыстар және 2021 жылға жоспары мен өзекті мәселелері ортаға салынды.

Қазақ даласы батырының атына салынатын мемориалдық кешен заманауи үлгіде салынатын нысанда кітапхана, көрме залы, қонақ үй, асхана, конференц залы, спорт залы, спортшылардың киім ауыстыруға, жуынуға арналған және басқа да қажетті бөлмелермен қамтылмақ. Ғимарат аумағы жасыл-желекке оранып, демалыс орнына айналады.

Спорттың бірнеше түрімен шұғылдануға лайықты кешен түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге де ыңғайлы болмақ. Сондай-ақ, алдағы көктемде дәстүрлі қазақ күресінен халықаралық жарыстар ұйымдастырылады.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет