ТҮРКІСТАН: Қазығұртта оңалту орталығы іске қосылды

0
434

Орталықтың жұмысы ақысыз жүргізіледі.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта оңалту орталығы іске қосылды

Қазығұрт ауданында «Раян» ерекше балаларды оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында «Раян» ерекше балаларды оңалту орталығы ашылды. Ашылу салтанатына Қазығұрт ауданының әкімі А.Абдуллаев қатысып, ізгі тілегін жеткізді. Ата-ананың ең үлкен бақыты баласының жақсы азамат болып өсуі болса, мемлекет пен қоғамның да басты мақсаты – білімді де отаншыл ұрпақ тәрбиелеу.


Орталықтың жұмысы ақысыз жүргізіледі, бұл бағытқа арнайы аудан бюджетінен қаражат бөлініп отыр. Орталықтың ашылуы балаларды үш бағытта дамытуға үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. Мұнда білікті мамандар соңғы емдік әдістерді пайдалана отырып, балаларға кешенді медициналық-әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіп, сауықтыру шараларын жүргізеді. Кешенді ем еркеше балалардың дамып-жетілуіне, қозғалыс пен сөйлеудегі көрсеткіштерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.