ТҮРКІСТАН: Қазығұрттағы құрылыс жұмыстары бақылауда

0
622

Әкім ахуалды бағамдап қайтты.


ТҮРКІСТАН: Қазығұрттағы құрылыс жұмыстары бақылауда

Қазығұрт ауданындағы құрылыс насандары тұрақты түрде қадағалануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазығұрт ауданының әкімі А.Абдуллаев Қазығұрт, Қақпақ және Тұрбат ауыл округтеріне жасаған жұмыс сапары барысында бірқатар құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралап, ондағы ахуалды бағамдап қайтты.


Алдымен Қазығұрт ауыл округіне қарасты Табыс және Қазына көшелерін ауыз су құбырын ағымдағы жөндеу жұмыстарын танысудан бастады. Содан соң Қақпақ ауыл округі, Заңғар елді мекеніндегі шағын су электр станциясының құрылыс нысанын аралап көрді. Қақпақ ауыл округі, Сырлысай елді мекеніндегі 200 орындық мектеп құрылысының жұмысын көрді.


Сонымен қатар, Қазығұрт-Тұрбат-Өндіріс облыстық маңызы бар автомобиль жолы мен Тастақсай өзені арқылы өтетін автожол көпірінің күрделі жөндеу жұмыстарын аралап көріп шықты.


Аудан басшысы Арман Айдарұлы жауапты мердігерлерге мемлекет тарапынан бөлінген қаржының уақытылы игерілуін, құрылыстың сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін бақылау басты назарда болатынын жеткізді.