ТҮРКІСТАН: Қазығұрттағы жылыжай еліміздің ірі қалаларын қызанақпен қамтып отыр

0
1 701

Қазығұрт ауданындағы кәсіпкер «Аттия» сортының қызанағын Қазақстанның бірнеше аймақтарына шығарып, нарықтағы шетелдіктерге лайықты бәсекелес болып отыр.


ТҮРКІСТАН: Қазығұрттағы жылыжай еліміздің ірі қалаларын қызанақпен қамтып отыр

Қазығұрттық бағбан қызанақтың «Аттия» сортын өсіріп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Тұрбат елді мекеніндегі «Элмурад» шаруа қожалығы бүгін де мемлекет тарапынан қолдау тауып, стандартқа сай құрал-жабдықтарға қол жеткізіп, жылыжай кешенінде қызанақ өсіріп отыр. Қазір мұнда тұрақты 5-6 адам жұмыс істейді, Жиын-терім науқанында жұмыс күші бірнеше есеге арта түседі екен.

«Қазіргі таңда 1,5 гектар жерде 33 мың көшет егілген. Өнім Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларына жөнелтіледі. Бүгін де өнімнің құны 500 теңге құрап отыр. Біз жылына екі рет өнім аламыз. Алғашқы көшетті желтоқсан айында отырғызған едік, енді өнімді наурыз айының соңғы күндері жинауды болжап отырмыз", - дейді Сайтқұлов Қалмұрад «Элмурад» шаруақожалығы директорының орынбасары.

Өткен жылы Қазығұрт ауданы бойынша жылдың басында жылыжай көлемі 101 гектар болса, жылдың қортындысымен 130 гектарға ұлғайып отыр.

Қазығұрт ауданы бойынша 130 гектар жылыжайда аймақтың 1040-қа жуық тұрғыны жұмыспен қамтылған. Оларға қазіргі таңда орташа есеппен 60-70 мың теңге жалақы алады.