ТҮРКІСТАН: ​Қазығұрттық полицейлер ашық есік күнін өткізді

0
1 055

Аталмыш іс-шараға 1 күн ішінде 20-дан астам жас буын қатысты.


ТҮРКІСТАН: ​Қазығұрттық полицейлер ашық есік күнін өткізді

Қазығұрт ауданында ашылған фронт-офисте жас білімгерлерге арналған ашық есік күні өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жұмысқа орналасуға ниеті бар талапкерлерге арнайы ұйымдастырылған ашық есік күніне қатысушылар белсенділіктерін көрсетті.

Қойындарына құжаттарын қысып, қызмет етуге құлшынып тұрған жастарды қазығұрттық сақшылар кезексіз қабылдап, ішкі істер органы қатарына орналасу бойынша тиянақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, полицей болуды мақсат тұтқан жастарға аға буынның жұмыс тәжірибесі де айтылып, ақпараттармен алмасты.

Аталмыш іс-шараға 1 күн ішінде 20-дан астам жас буын қатысты. Оның ішінде 10-нан астамы ербала болса, 6-қызбала.

«Биылғы жыл «Жастар жылы» болғандықтан оларға біздің тарапымыздан үлкен қолдау мен білікті мамандардың ақыл-кеңестері аса қажет. Бүгінгі жастар – бәсекеге қабілетті, қызметте жауапты. Сондықтан ішкі істер органы саласына дер кезінде білімді жастарды тарту бүгінгі күні кадр мамандары үшін маңызды. Кез-келген білімді талапкерге қызметке орналасу үшін мүмкіндік беріп, бағыт бағдар көрсетуіміз керек»,-дейді қабылдауды жүргізген кадр маманы полиция подполковнигі Бақыт Сейсебаев.

Жалпы, полицейлер ашық есік күні іс-шарасының жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюға септігін тигізетінін жасырмайды. Сондықтан кез-келген жасы 18-35 жас аралығындағы «құқықтану» мамандығы бойынша білімі бар азаматтардыоблыс аумағында өткізіліп жатқан «ашық есік күніне» қатысуға шақырамыз. Берілген мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар.