ТҮРКІСТАН: Келер аптадан бастап бөлім басшылары есеп береді

0
676

Ресми парақшалар мен Youtube желісі арқылы көрсетілетін болады.


ТҮРКІСТАН: Келер аптадан бастап бөлім басшылары есеп береді

Түркістан қаласы әкімдігінің бөлім басшылары келер аптадан бастап атқарылған жұмыстар бойынша есеп береді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бүгін қала әкімі Рашид Аюпов апталық мәжіліс кезінде айтып өтті. Атап айтқанда, қала әкімдігіне қарасты барлық дербес бөлім басшылары келер аптадан бастап күнделікті және кезегімен бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстары жайлы есеп береді. Қала тұрғындары да есепті жиыннан құлағдар болуы үшін әкімдіктің ресми парақшалары мен Youtube желісі арқылы көрсетілетін болады.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша күнделікті мобильді топтардың жұмыстары баяндалды. Қалада 6 мобильді топтың жұмысын сынаған Рашид Абатұлы аумақты күнделікті қадағалап, бір күндік тексеру жұмысы аясын кеңейтуді тапсырды. Нәтижесінде, бір күнде тексерілетін нысандар саны ұлғайып, талаптардың сақталуына оң ықпал етеді. Ол үшін мобильді топтар санын арттыру ұсынылды. Сонымен қатар, шаhар басшысы ертеректе айыппұл салынған нысандарды қайта тексеріп, нәтиже көрсеткені бойынша ақпарат беруді талап етті. Айта кетейік, Түркістан қаласы бойынша 4071 нысан араланып, 318 хаттама толтырылған.

Одан өзге, бірнеше күн алдын қолға алынған қоғамдық жұмыспен ерікті түрде тазалық жұмыстарын қадағалауға ниет білдірген азаматтармен қала әкімдігінің бөлім қызметкерлері де жұмысқа дейін, түскі үзілісте және жұмыстан соң бөлінген аумақ бойынша қарап, 109 - Бірыңғай орталығына жолдап отыру ескертілді. Осы мақсатта бөлініс картасы мен кестесін жасақтау аппарат қызметкерлеріне тапсырылды.