ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: Аграрлық ауданға ағын су ауадай қажет

0
1 557

«Егістік алқаптады сор басу қаупі жоғары».


ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: Аграрлық ауданға ағын су ауадай қажет

Мен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жұмабеков Ахмет Әбдіраманұлы аудандық мәдениет үйінде шаруа қожалық өкілдерімен кездесіп, аудан көлемінде өзім білетін егістік алқаптардағы ағын су тапшылығы проблемасын көтеріп, жиынға қатысушылармен осы мәселе төңірегінде қосымша проблемаларды және шешу бойынша ұсыныстарды ашық талқыға салдым.

Біртілек ауылдық округінің диқандары Сарыағаш ауданынан бастау алатын «Шошым» каналының Келес ауданындағы бөлігін қазып тазарту арқылы егістік алқаптарға ағын су таршылығы шешілетіні, «Жолбасшы» елді мекені аумағындағы 4 қашыртқыны тазалау мәселесін көтеріп, қашыртқылардан жайылып жатқан соры біршама жерге жетіп, егістікке зиянын тигізіп жатқан, осы мәселе шешілмесе егістік алқаптады сор басу қаупі жоғары екенін айтып өтті.

«Ошақты» және «Бірлік» ауылдық округтерінен келіп жиынға қатысқан егін шаруашылығының өкілдері де сол аймақтағы 2 каналдың толық қазылмағаны себепті көптеген егістік жерлер игерілмей жатқанын жеткізді.

Ал «Ұшқын», «Жүзімдік» және «Ақтөбе» ауылдық округінен келген егістік өнім өндірушілері Өзбекстан мемлекетінен бастау алатын ВТК және СТК каналдарынан биылғы жылы «Nur Otan» партиясының ықпалымен ағынсу келуі біршама жақсарғанымен қажетті мөлшерде келмегенін айтып өтті.Сонымен қатар, бұл каналдардың шекараның бейтарап аймағындағы бөліктерін бетонмен қаптау қажеттігін жөнінде ұсыныс білдірді.

Мен өз кезегімде партияның Келес ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасымен танысытырып, партияның аудандағы ирригациялық су жүйелерін қалпына келтірудің басым бағыттары, соның ішінде Бірлік ауылдық округі аумағындағы каналдарды жылма-жыл бетонмен қаптау партияның сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқанын, ал Өзбекстаннан бастау алатын каналдары тазалау мен шекараның бейтарап бөлігін тазалау мен бетондауды партия мемлекетаралық дейгейде шешуді қолға алатынын жеткіздім.

Жиын соңында партияның бүгінге дейін атқарған жұмыстарына тоқталып, алдағы уақытта да халықтың үнін тыңдап келе жатқан алдағы уақытта да жұмыс қарқынын күшейтетін «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырдым.

Шаруалар «Nur Otan» партиясының аудандағы жұмыстарына қанағаттанатынын, сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндерін айтып, сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Келес ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді