​ТҮРКІСТАН: Келес ауданы 3 рет өнім алу жобасына қызығушылық танытып отыр

0
772

Жоба аясында биылғы жылы 6-7 га жерге егілген 3 өнімнен, 10-12 млн теңгенің пайдасын көріп отыр.


​ТҮРКІСТАН: Келес ауданы 3 рет өнім алу жобасына қызығушылық танытып отыр

Түркістан облысы, Келес ауданының шаруалары мен диқандарына өнім алудың тәсілдері туралы семинар ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келес ауданы Бірлесу ауылдық округі «Ауыл шарушылығын механикаландыру және автоматтандыру» ғылыми орталығында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен ауылдық округтер әкімдері, аудандағы шаруа диқандарының қатысуымен семинар өтті.

Семинарды «Ауыл шарушылығын механикаландыру және автоматтандыру» ғылыми орталығының өкілі Бердияр Қалымбетов жылына 3 рет өнімді заманауи технологияның күшімен егіп, басқа да аудан диқандарына ғылыми жобаның тәжрибесімен бөлісуде.

Аталған кездесуде аудан диқандарына егетін өнімнің тұқымын дұрыс таңдауы үшін, арнайы өнім тұқымын дайындайтын компания өкілдерін алып келіп, мастер класс ұйымдастырылып, қандай-да бір сұрақ туындаса кеңес алу үшін телефон нөмерлерін алмасты. Болашақта Келес ауданының жері құнарлығын ескеріп, осы егін шарушылығын заманауи технология көмегімен өнімді еселеп, аудан экономикасына едәуір пайда әкелмек.

Мысалы үшін, бір ғана осы жобаның жетекшісі Б.Қалымбетов аталған жоба аясында биылғы жылы 6-7 га жерге егілген 3 өнімнен, 10-12 млн теңгенің пайдасын көріп отыр. Жиын барысында аудан әкімі Ақментай Есбаев аудан шаруаларына аталған жоба аясында көптеген мүмкіндіктер барлығын айтып, өздерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында аянбай еңбек етуге шақырды.

Айта кетейік, биылғы жылдың өзінде, алғашына аудан бойынша 28 жоба қолға алынып, тиісті нәтиже көрсеткен соң, аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес әр ауылдық округтен 10 жобадан кіргізілді. Одан бөлек жобаға қызыққан шаруалар өздігінен өтініш білдіріп, жобаға қатысуда.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет