ТҮРКІСТАН: Келес ауданы рекорд орнатты

0
2 252

30 499 тонна бақша және көкөніс өнімі өндірілді.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданы рекорд орнатты

Түркістан облысы Келес ауданында өнім көлемі артқан, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы, Келес ауданында өткен жылы өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 74,4 млрд. теңгені құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 122,4%-ға артты. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы саласының үлесі 67,7%-ды құрап отыр. Келес өңірі ауылшаруашылық өнімдерінің экспорттық әлеуеті жоғары шекаралық аумақ. Аудан тұрғындарының басты тіршілік көзі – ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді.

Шаруалардың тындырымды еңбектерінің арқасында былтыр 50,4 млрд. теңге немесе 108,9%-ға ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Бұл салаға 2 115, 2 млн. теңгенің инвестициясы тартылып, өткен жылмен салыстырғанда аталған салаға тартылған инвестиция көлемі 426,7%-ға артты. Күзгі және көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағада бөлінген 2 145 тонна жанар-жағармай тасымалданды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімін арттыру мақсатында бір алқаптан 2-3 өнім алу жұмыстары қарқынды жүрді. Бұл бағытта Ұшқын ауыл округіндегі «А.Жігер Т» өндірістік кооперативінің (төрағасы Абдісадық Сегізбаев) 2020 жылы ерте көктемде егілген 328 га қырыққабат, бақша және көкөніс өнімдерінен 22 414 тонна өнім алып, Ресей, Белорусь Республикаларына экспортқа шығарды.

Өткен жылы ауданда жалпы 1024 гектар алқапта алдыңғы қатарлы озық технологияны қолдана отырып жылына 2-3 рет өнім алу бойынша 218 жоба өз жұмысын бастаған. 1 айналымнан 29 162 тоннаның өнімі өндірілсе. 2 айналымнан 30 499 тонна бақша және көкөніс өнімі өндірілді.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет