ТҮРКІСТАН: Келес ауданына жаңа әкім тағайындалды

0
1 384

Жаңа өндіріс орындарын ашу, халықты жұмыспен қамту жұмыстарына күш салуды, инфрақұрылымды дамытып, ауыл шаруашылығы саласын жандандыруды тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданына жаңа әкім тағайындалды

Келес ауданының әкімі болып Ағыбаев Жәнібек Есенұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Келес ауданының әкімі болып Ағыбаев Жәнібек Есенұлы тағайындалды. Облыс әкімі аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Ерекше назар аударар бірқатар бағыттарды атап өтті. Қызмет барысында Мемлекет басшысы бекіткен бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру қажеттігін айтты. Жаңа өндіріс орындарын ашу, халықты жұмыспен қамту жұмыстарына күш салуды, инфрақұрылымды дамытып, ауыл шаруашылығы саласын жандандыруды тапсырды.


Өз кезегінде Жәнібек Ағыбаев сенім білдірген облыс басшысына алғысын білдіре отырып, ауданды дамытуға алға қойылған міндеттерді орындауда бар күш - жігерін жұмсайтынын жеткізді. 2018 жылы жаңадан құрылған Келес ауданының әкімі болған Ақментай Есбаев отставкаға кетті.


Ағыбаев Жәнібек Есенұлы 1976 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. С.Сейфуллин атындағы Астана аграрлық университетін және "Тұран -Астана" университетін бітірген. Мамандығы - жерге орналастыру, құқықтану. Экономика ғылымдарының кандидаты.


1998 - 1999 жылдары Астана қаласындағы "Земля" ЖШС-нің маманы болған. 1999-2004 жылдары Астана қаласындағы ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі бойынша жер ресурстары және жерге орналастыру жөніндегі еншілес мемлекеттік кәсіпорны, жерге мониторинг жүргізу, бағалау және конкурстық сату секторының жетекші маманы, бөлім басшысы болды. 2004-2005 жылдары Атырау қаласындағы ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Атырау облысы бойынша жер ресурстары және жерге орналастыру жөніндегі еншілес мемлекеттік кәсіпорны бас инженері болды. 2005-2011 жылдары ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің "Астана жер орталығы" еншілес мемлекеттік кәсіпорны директоры қызметінде болды. 2013-2016 жылдары Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды. 2016-2018 жылдар аралығында ОҚО Сарыағаш қаласы әкімнің орынбасары лауазымында еңбек етті. 2018-2019 жылдары Шымкент қаласының жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болды. 2019-2020 жылдары Астана қаласындағы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару басқармасының басшысы қызметінде болды. 2020-2022 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкілі жұмысын атқарған. 2022 жылдың қазан айынан бері