ТҮРКІСТАН: Келес ауданында "Есіктен – есікке» акциясы жалғасып жатыр

0
1 459

300 орындық мектеп салу жоспарланған.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданында

Келес аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер тұрғындармен кездесті.

Түркістан облысы Келес аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ж.Ешанкулов пен А.Тотиков "Есіктен – есікке» акциясы аясында Ошақты ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында партиялықтар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары жайлы, нақтырақ айтсақ, 2022 жылы Ошақты ауылдық округіне қарасты Атақоныс, Бақышсай, Жиделі, Қаратал, Саттаров және Ынталы елді мекендері табиғи газбен қамтылатындығы туралы атап өтті. Сондай-ақ, 2021 жылы елді мекендерді сапалы электр қуатымен қамтамассыз ету, 2025 жылға дейін жолдардың сапасы жақсарту және 2023 жылы Ошақты ауылынан 300 орындық мектеп салу жоспарланғандығын түсіндірді.

Сонымен қатар, үміткерлер елдімекен тұрғындарының да ұсыныс-пікірлерін тыңдап, бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірдің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі жеткілікті, әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының сайлау қорынан төленді