ТҮРКІСТАН: Келес ауданында үш көпір қайта жөнделді

0
1 006

Барлық көпірлерге арнайы адам өтетін өткел орнатылып, көлік жүруге арналған өткелдің түбі бетондалды.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданында үш көпір қайта жөнделді

Келес ауданында үш шағын көпір жаңартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданы, Бірлік ауылындағы үш көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, ауылдық ауруханаға баратын Жангелдин көшесіндегі көпір, сондай-ақ, ауылдың орталық М.Әуезов және мектепке баратын Қажымұхан көшесіндегі көпірлер жаңартылды. Барлық көпірлерге арнайы адам өтетін өткел орнатылып, көлік жүруге арналған өткелдің түбі бетондалды.


Ауыл тұрғындары әлеуметтік нысандарға баратын көпірлердің тозғанын айтып, жаңартып беруін сұраған еді. Қазіргі таңда Бірлік ауылдық округінің әкімі Әбдіжәміл Серікбаевтың бастамасымен көпірлерге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Ауыл әкімінің айтуынша, Келес ауданының әкімі Жәнібек Есенұлының қолдауымен қажетті қаражат қаралып, үш көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілген.