ТҮРКІСТАН: Келес емханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
1 031

Құрылыс жұмыстарына 2020 жылдың мамыр айында жұмысқа кіріскен.


ТҮРКІСТАН: Келес емханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Келес ауданының дәрігерлік емханасында күрделі құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Келес ауданы Қызыләскер елдімекенінде 5047 адам тіркелген. Бүгінгі таңда аталмыш елдімекендегі емхананы заман талабына сай қалыпқа келтіру мақсатында құрылыс жұмыстары қаиқынды жүргізіліп жатыр.

"АлЖа құрылыс" мердігер мекемесі құрылыс жұмыстарына 2020 жылдың мамыр айында жұмысқа кіріскен.

"Жұмыс істеп жатқанымызға екі айдан асып кетті. Құрылыс графигі бойынша алда келе жатырмыз. Жалпы нысанды тамыз айында өткузуді жоспарлап отырмыз. Ал, негізі құжат бойынша нысанды қыркүйек айында өткізуіміз тиіс", - дейді Баратбай Ерғали "АлЖа құрылыс" ЖШС бригадирінің көмекшісі.

Айта кетейік, Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округінде бүгінгі таңда 4 емхана, 1 ауылдық аурухана, 6 ФАП, 15 жоғарғы білімді дәрігер, 66 орта буынды қызметкер, 24 кіші буынды қызметкер және де 1 жедел жәрдем көлігі тұрғындарға қызмет көрсетіп жатыр. Сондай-ақ, Ескіқорған, Көгерту және Ажарелді мекендерінде жаңа типтегі медициналық тірек жұмыс жасауда.