ТҮРКІСТАН: Келес өзенінде селден қорғау шаралары пысықталды

0
743

Апаттың алдын алу жұмыстары өңірде тынымсыз жүргізіледі.


ТҮРКІСТАН: Келес өзенінде селден қорғау шаралары пысықталды

Дархан Сатыбалды Келес өзенінде жүргізіліп жатқан селден қорғау шараларының барысын пысықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Халықты су тасқыны мен селден қорғау шаралары Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында. Апаттың алдын алу жұмыстары өңірде тынымсыз жүргізіледі. Облыс басшысы Келес өзенінде жүргізіліп жатқан арна түзету және жаға бекіту жұмыстарын пысықтау үшін арнайы келді.


Жыл сайын көктем, күз айларында нөсер жаңбыр және қардың еруінен Келес өзенінен тасыған су өзен маңындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді және жеке тұрғын үй секторларына қауіп төнетін. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Келес ауданы аумағынан өтетін Келес өзенінің 12 жерінен су арнасын бұру жұмыстары жүргізілуде. Апаттың алдвн алу шаралары Ақтөбе ауылдық округінің Жуантөбе елді мекенінен бастау алып, Кеңдала, Жаңадәуір және Көкбұлақ ауылдарының тұсында жалғасты.


Ауқымды жұмыстармен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды танысты. Облыс басшысы маңызды нысандағы арна түзету және жаға бекітуге қатысты құрылыстың сапасына аса назар аударуды тапсырды. Бүгінгі таңда Қошқарата ауылдық округінің Ұшқын, Мақташы ауылдары мен Бірлесу ауылдық округіндегі 28 Гвардия және Абай ауылы аумағындағы Келес өзеніне құятын арықты (коллектор) қайта қалпына келтіру және түзету жұмыстары атқарылуда.


Түркістан облысы, Келес ауданының аумағын өтетін Келес өзені ауданның алты ауылдық округінен ағып өтіп, ұзындығы 90 шақырымға жуық аралықты құрайды. Тасқын су өзен арнасын бұзып, өзен жағалаулары опырылып құлап, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді және жылы жай кешендерін, жақын орналасқан тұрғын үйлерді шайып кету қаупі бар. Осыған байланысты Келес ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жұмысшы топ кұрылып, мәселенің өзекті екені анықталған.


Келес ауданы бойынша 7,2 км арна түзету жаға бекіту жұмыстары жүргізіледі. 2100 габиондық сетка орнатылады. 6300 м3 қой тасы орнатылады. Бүгінгі таңда 12 нысанның 4-еуі біткен. Алтауында жұмыстар жүргізілуде. 2 нысан су беру науқаны аяқталған соң жұмыстар жүргізіледі. “Тұран су” КММ мекемесі тарапынан жұмыстар атқарылуда.