ТҮРКІСТАН: Келесте 100-ге жуық оқушыға мектеп құралдары табысталды

0
878

Арнайы аниматорларлық көріністер қойылып, бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды.


ТҮРКІСТАН: Келесте 100-ге жуық оқушыға мектеп құралдары табысталды

Келестік оқушыларға мектепке қажетті құрал жабдықтар табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Келес ауданында «Мектепке жол» атты Республикалық акция ұйымдастырылды. Шара барысында Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев сөз алып, жаңа оқу жылы қарсаңында білім алушыларға сәттілік тілеп, өз құттықтауын жеткізді.


«Балалар біздің болашағымыз. Балаға салынған инвестиция ешқашан артық болмаған. Мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар қабылданып оқушылардың сапалы білім алуы мақсатында шаралар атқарылуда. Бүгінгі шараны бүлдіршіндерімізге көтеріңкі көңіл сыйлап, көпбалалы ата-аналарға демеу білдірсек деген ниетте өткізіп отырмыз. Құрметті ата-аналар, өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз елдің мақтанышы болып, абыройларыңызды асқақтата берсін», - деді аудан әкімінің орынбасары.


«Мектепке жол» акциясы Келес ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ұйымдастыруымен Ә.Кенжеев атындағы мәдениет үйінде өтті. Онда 100-ге жуық балаға мектепке қажетті құрал жабдықтар салынған сөмкелер таратылды. Сонымен қатар, аталған акция шеңберінде балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында арнайы аниматорларлық көріністер қойылып, бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды.