ТҮРКІСТАН: Келесте бес мекеменің ғимараты ашылды

0
832

Аудан әкімі нысанның лентасын қиып, қуанышқа жиналған мамандарды құттықтап, жұмыс істеуге жақсы жағдай жасалған әкімшілік ғимаратын аралап шықты.


ТҮРКІСТАН: Келесте бес мекеменің ғимараты ашылды

Ел дербестігінің 30 жылдығы қарсаңында Түркістан облысы, Келес ауданында 5 мемлекеттік мекеме орналасатын ғимаратың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аудан орталығының С.Сейфуллин көшесі бойында орналасқан нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Ақментай Есбаев және ардагерлер бастаған бір топ қауым қатысты.

"Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілмек болған нысан аудан тұрғындары мен мемлекеттік қызметкерлер үшін өте қолайлы болмақ. Себебі аудан қайта құрылған жылы мемлекеттік мекемелердің жайғасатын ғимараты мәселе туғызып, бүгінде сол мәселе шешімін тауып отыр. Ғимаратта 4 дербес бөлім мен Абай ауылы әкімі аппараты қоныстанады. Бұл өз кезегінде қызмет алушы тұрғындар үшін де қолайлы болмақ", – деген аудан әкімі Ақментай Үсенұлы салтанатты шараға қатысқан азаматтарды мерекемен құттықтады.
Аудан әкімі нысанның лентасын қиып, қуанышқа жиналған мамандарды құттықтап, жұмыс істеуге жақсы жағдай жасалған әкімшілік ғимаратын аралап шықты.