ТҮРКІСТАН: Келесте электр бағаналары жаңартылып жатыр

0
563

«ОңтүстікЖарықТранзит» мекемесінің 2021 жылға жоспарлаған инвестициялық бағдарламасы.


ТҮРКІСТАН: Келесте электр бағаналары жаңартылып жатыр

Келес ауданында ескі электр бағаналар жаңартылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінге дейін жоғары кернеулі желі тіреулері мен электр бағаналары алмасты. Жөндеу жұмыстары «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС есебінен жүргізілуде. «ОңтүстікЖарықТранзит» мекемесінің 2021 жылға жоспарлаған инвестициялық бағдарламасы Келес ауданында қарқынды жүріп жатыр.


Аудан бойынша Біртілек ауылдық округінің Керегетас, Оразата елді мекендері, сондай-ақ Абай ауылындағы Арал мөлтек ауданындағы ескірген ағаш бағаналары темірбетон бағаналарымен алмастырылады. Сонымен қатар, кернеуі 0,4 киловольттық электр сымдары да жаңарады.


Қазіргі таңда мекеме қызметкерлері ұзындығы бойынша 4,3 шақырым жерге 132 электр бағанасын жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Жаңарту жұмыстары аяқталған соң 125 үй сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Қыркүйек айында Ораз ата ауылы көшелеріндегі ескірген электр бағаналары жаңасына ауыстырылады.