ТҮРКІСТАН: Келесте ескі қалашықтың орны табылды

0
1 947

Мамандар табылған дүниелерді құнды жәдігерге балап отыр.


ТҮРКІСТАН: Келесте ескі қалашықтың орны табылды

Келес ауданындағы Мыңтөбе қорымынан археологтар ежелгі қалашықтың орнын тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданындағы Мыңтөбе қорымынан археологтар ежелгі қалашықтың орнын тауып, қазіргі таңда зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар табылған дүниелерді құнды жәдігерге балап отыр.


«Келес ауданының аумағынан бірнеше қыш ыдыстар мен садақ жебесі табылды. 1800 жылдан астам тарихы бар киелі нысанда жүргізілген жұмыстар барысында сол дәуірдің мәдениетін анықтауға баса мән беріліп отыр. Бұл қаңлы дәуірі кезіндегі ежелгі діни наным-сенімдер туралы білуге мол мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сол маңнан Күлтөбе қалашығының орнын таптық», - дейді Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ жетекші ғылыми қызметкері, phd докторы Музаффар Гурсой.


Археологтардың айтуынша, Күлтөбе қалашығында алып құрылыс нысаны болған. Себебі қазба барысында кесектен салынған қабырғалар анықталған. Ол жерден шыққан қыш ыдыстар VIII-IX ғасырларға тән. Келес өзенінің Сырдарияға құяр тұсындағы бұл аймақта 600-ден аса қорым мен обалар бар. Сонымен қатар, археологтар қазба жұмыстарын жүргізу барысында ІІ-ІV ғасырға тиесілі жәдігерлерді тапты.


Жобаны іске асыру обалардың құрылымдық ерекшелігін, жерлеу дәстүрін, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын айқындауға мүмкіндік береді.


Археологиялық қазба жұмыстары әрі қарай жалғасатын болады. Қалашық және қорым маңынан табылған жәдігерлер арнайы мамандардың зертханалық сараптамасынан өткен соң музей қорына тапсырылмақ.