ТҮРКІСТАН: Келесте мереке қарсаңында 7 нысан пайдалануға берілді

0
1 768

Келес ауданы, Ұшқын ауылдық округінде ауыз су мәселесі 100 пайызға шешімін тапты.


ТҮРКІСТАН: Келесте мереке қарсаңында 7 нысан пайдалануға берілді

Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Келес ауданы Бозай ауылдық округінің Тентексай елдімекені таза ауыз су жүйесіне толық қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Ақментай Есбаев ауыл тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтап, су станциясының лентасын қиды.

Сондай-ақ, аудан басшысы Бозай ауылындағы «Ақ үй» әкімшілік ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты. Аталған нысанның құрылысы биыл басталып, жоспарға сай мереке қарсаңында аяқталды. Айта кетейік, ауылдық округтердегі әкімшілік ғимараттарды жаңартуға аудан әкімі тапсырма берген болатын. Мұндағы мақсат ауылдық округте жұмыс істейтін мамандарға жағдай жасай отырып, халыққа көрсететін қызметтің сапасын жақсарту. Биыл аудандағы 7 ауылдық округтің әкімшілік ғимараттарын жаңалау жұмыстары жоспарланған. Одан бөлек, келер жылы әрбір ауылдық округтегі мемлекеттік қызметкерлерді жаңа компьютерлік жабдықтармен қамту көзделіп отыр.

Сонымен қатар, мереке қарсаңында Ошақты ауылдық округіндегі Сарыжылға, Бақшысай және Жиделі ауылдары сапалы электр қуатымен қамтылды. Ал, Ұшқын ауылдық округінде ауыз су мәселесі 100 пайызға шешімін тапты. Мерекеде қуанышқа кенелген ауылдағы ағайын мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлықтар үшін алғыстарын білдірді.