ТҮРКІСТАН: Келесте тағы бір жаңа мектеп ашылды

0
476

Заманауи оқу құралдарымен жабдықталған зәулім мектепте арнайы сыныптар бар.


ТҮРКІСТАН: Келесте тағы бір жаңа мектеп ашылды

Келес ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданы, Жүзімдік ауылдық округіне қарасты Жүзімдік елді мекенінде 300 орындық мектептің жаңа ғимараты ел игілігіне берілді. Мектептің ашылу салтанатына аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, ұстаздар мен оқушыларды, жергілікті тұрғындарды жаңа білім ордасымен құттықтады.


Заманауи оқу құралдарымен жабдықталған зәулім мектепте арнайы сыныптар бар. Іс-шара барысында мектеп лентасын қиып, келген қонақтар оқу ордасының кабинеттерін, асханасын, спорт залы мен кітапханасын аралап көрді.


Айта кетейік, «Толағай» негізгі орта мектебінде қазіргі таңда 18 педагог, 6 қызметкер жұмыспен қамтылған. Мектептің жалпы құрылысына 300 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Мектепте балалар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жан басына қаржыландыру бойынша оқытылады.