ТҮРКІСТАН: Келесте төрт ауылға табиғи газбен тартылады

0
1 062

Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер төңірегінде тиісті жұмыстар атқарылуда.


ТҮРКІСТАН: Келесте төрт ауылға табиғи газбен тартылады

Келес ауданында төрт ауылдың тұрғындары табиғи газбен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданы, Бірлік елді мекеніндегі 4 ауылға табиғи газ тартылады. Бұл туралы аудан басшысы Жәнібек Ағыбаевтың өңір тұрғындарымен ІІІ тоқсандағы кездесуінде баяндалды. Кездесу еркін форматта өтіп, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер төңірегінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Аудан басшысы, алдымен өткен кездесудегі тұрғындардың талап тілегіне орай жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.


«Бүгін Бірлік ауылдық округіне өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмыз. Сіздерге осы есепті кездесуге өз уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғыс айтамын. Өткен кездесулерде маңызды 5 мәселе көтерілген болатын. Сол мәселелерді шешу бойынша арнайы іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде», - деді аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев.


Көгілдір отын мәселесіне қатысты өткен кездесулерде Бірлік ауылдық округіндегі Бірлік, Жаңатіршілік, Үшағаш және Қосөткел елді мекендеріне табиғи газ тарту мәселесі қозғалған еді. Бүгінде ішкі жүйелерінің және жеткізуші газ құбырларының құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.


Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен қаржы бөлдіруге ұсыныс енгізілді. Сонымен бірге Үшағаш елді мекеніне 150 орындық мектеп құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық құрылыс басқармасы тарапынан мемлекеттік сараптамадан қайта түзету жұмыстары жүргізілуде.


Ал Бірлік, Жаңатіршілік елді мекендерінде таза ауыз су тартатын насосты қуаттылығы жоғары насосқа ауыстыруға алдағы сессияда қаржы қаралатын болады. Айта кетейік, Қосөткел елді мекенінің электр желісіне сәулет-жоспарлау тапсырмасын дайындау үшін тиісті мекемелерден келісім алынып, жер таңдау актісі жасалған. Алдағы уақытта жобалық-сметалық құжаттары әзірленетін болады. Оған қоса аталған елді мекенде медициналық пункт салу жоспарлануда.