ТҮРКІСТАН: Келесте жаңа спорт алаңшасы салынып жатыр

0
521

6 мыңға жуық халық тұрады.


ТҮРКІСТАН: Келесте жаңа спорт алаңшасы салынып жатыр

Келес ауданы Бірлік ауылында жаңа спорт алаңшасы ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бірлік ауылдық округі Келес ауданындағы ірі ауылдық округтердің бірі. Жалпы 7 елді мекеннен құралған ауылдық округте 6 мыңға жуық халық тұрады. Өткен жылы Бірлік ауылдық округіндегі мектеп түлектері мен ауыл кәсіпкерлері жастарды спортқа баулу мақсатында ашық және жабық спорт алаңшаларын, онымен қоса жаттығу залын ауылға тарту етті. Сондай-ақ, 2021 жылы тұрғындарды бұқаралық спортпен айналысуға тарту, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жұмыстарына сәйкес, жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жаңатіршілік елді мекенінде жаңа спорт алаңшасының құрылысы жүргізіліп жатыр.


Сондай-ақ, ауылдық округте инфрақұрылым жұмыстары да қарқынды іске асырылуда. Атап айтқанда, бүгінде ауылдық округінің орталығы Бірлік елді мекенін таза ауыз сумен қамту жұмыстары қарқын алып, жыл соңына дейін елді мекен тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізбек. Өткен жылы бастау алған құрылыс жұмыстарын «Мелиоратор» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі мекемесі жүргізуде. Ауыл әкімі Әбдіжаміл Серікбаев кезектегі азаматтарға учаскелік жер телімін беру үшін арнайы жер қаралғанын, бүгінде ол аумаққа да ауыз су құбырлары жүргізіліп жатқанын айтады.