ТҮРКІСТАН: Келесте жас келіншек өз үйінде асылып қалды

0
671

Полиция мәйітті қарау кезінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері болмағанын айтады.


ТҮРКІСТАН: Келесте жас келіншек өз үйінде асылып қалды

Оқиға Түркістан облысы, Келес ауданында болған. 25 жасар келіншек жұмбақ жағдайда жіпке асылып қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оқиғаны белгілі тележурналист Гүлмира Әбіқай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер оқиғаны растады. Келіншек 16 шілдеде бақилық болған.

"Келес аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем қызметінен жас әйелдің өзінің тұрғын үйінің ауласында жіпке асылып қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түскен. Хабарламаны алған бойда оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сот-медициналық сараптамасы тағайындалды",- деді Полиция департаментіндегілер.

Полиция мәйітті қарау кезінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері болмағанын айтады.