ТҮРКІСТАН: Келесте жауапсыз мердігермен келісім-шарт бұзылды

0
1 214

"Nur Otan" партиясы Республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолының жөндеу жұмыстарының барысына бақылау жасады.


ТҮРКІСТАН: Келесте жауапсыз мердігермен келісім-шарт бұзылды

Түркістан облысы "Nur Otan" партиялық бақылауына алынған жол бүгінде қарқынды жөндеу жұмыстарын жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Nur Otan" партиясы Келес аудандық филиалының төрағасы Есбаев Ақментай Үсенұлы мен төрағаның бірінші орынбасары Жұмабеков Ахмет Әбдраманұлы биылғы жылы мамыр айында басталып бітпей жыр болған Келес ауданы аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолының жөндеу жұмыстарының барысына бақылау жасады.

Партиялық бақылаудың нәтижесінде «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиал төрағасы Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің тікелей тапсырмасымен Келес ауданы аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар автомобиль жолының А-15 «Жызақ-Жетісай - Қызыләскер - Абай - Сарыағаш - Жібек жолы» автомобиль жолының 144-175 шақырым аралығындағы (Қошқарата - Ақтөбе ауыл округтерінің аумағындағы 31 шақырым) «ҚазАвтоЖол» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамы Түркістан облыстық филиалы жол жөндеу жұмыстарын жарытпаған жауапсыз мердігер «ТММ Береке» ЖШС-сімен келісім-шартты бұзды.

Бақылау барысында бүгінгі таңда жол жөндеу жұмыстарын «ҚазАвтоЖол» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамына тиесілі «ҚазақАвтоЖол» ЖШС-і жаңа техникалар мен жұмысшылар санын арттырып күні-түні жөндеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатқаны байқалды.

«ҚазақАвтоЖол» ЖШС-інің өкілі Қылышбек Бейсенбиевтің мәліметіне сүйенсек А-15 автожолының Жүзімдік ауыл округінің бұрылысына дейінгі бөлігіне 2 күнде асфальт төселіп жол жөндеу жұмысы бітетінін, қалған Қызыл-әскер елді мекеніне дейінгі бөлігіне шұңқырларды жамау жұмыстары біткенін, ал күрделі жөндеу келесі жылы жүргізілетінін жеткізді.

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамы Түркістан облыстық филиалы басшысының облыс басшысына берген уәдесі бойынша айналма жол ретінде беріліп тозығы жеткен Ошақты ауылдық округі аумағындағы автожолға да жақын күндері жөндеу жұмыстары басталып, тез күнде аяқталады.

Филиал төрағасы А.Есбаев «ҚазақАвтоЖол» ЖШС-інің өкіліне ауа-райының қолайлылығын пайдаланып жұмысты жандандыру қажеттігін жеткізді.