ТҮРКІСТАН: Келесте жолдың қысқа дайындығы пысықталып жатыр

0
926

120,0 тонна құм және тұз шашу жұмыстары атқарылатын болады.


ТҮРКІСТАН: Келесте жолдың қысқа дайындығы пысықталып жатыр

Келестегі көлік жолдары тексеріліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, аудан аумағындағы аудандық маңызы бар және ішкі көшелердегі автомобиль жолдарын 2021-2022 жылдың қыс мезгілінде қар-мұздан тазалау жұмыстарына, сонымен қатар жолға құм, тұз шашу жұмыстарына Келес ауданында құрылған «Келес – тазалық 2050» ЖШС-мен келісім шарт жасалынған.


Келісім шарт бойынша мердігер мекеме 2022 жылдың ақпан айының соңына дейін автомобиль жолдарын қар-мұздан тазалау, құм, тұз шашу жұмыстарын жүргізеді. Сметалық құжаттама бойынша автомобиль жолына 120,0 тонна құм және тұз шашу жұмыстары атқарылатын болады.


Мердігер мекеме құрамында 12 жұмысшы, 2 дана су тасымалдаушы, 1 дана көше тазайлайтын теника, 1 дана құм-тұз тасушы техника, 1 дана жүк тиегіш, 2 дана трактор тіркемесімен қарастырылған.