ТҮРКІСТАН: Келесте жылына 12 млн. кірпіш өндіретін зауыт жұмыс істеп тұр

0
830

Жобаның жалпы құны 251,0 млн теңге.


ТҮРКІСТАН: Келесте жылына 12 млн. кірпіш өндіретін зауыт жұмыс істеп тұр

Мәжілісінің депутаттары Келес ауданындағы кәсіпорындарда болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясының Мәжілістегі фракциясының мүшелері Мыңбай Дархан Қамзабекұлы мен Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы және «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы Келес ауданына іс-сапар барысында Абай ауылындағы «AIBI-AI»(АЙБИ-АЙ) ЖШС-нің күйдірілген қыш шығаратын зауытта болды.

Жобаның жалпы құны 251,0 млн теңге, аталған өндіріс орны жылына 12,0 млн дана күйдірілген қыш өндірсе, бүгінгі күні 35 адамды жұмыспен қамтыған. Аталмыш кәсіпорын басшысы Өсербай Тұрқұлов Мәжіліс депутаттарын зауыттың автоматтандырылған жаңа технологиялық қондырғысымен және зауыттың тыныс-тіршілігімен таныстырды. Былтырғы жылы бір қыштың құны 45 теңге болса, бүгінгі таңға газ отыны мен электр энергиясының қымбаттауы себепті құны 65 теңге болып көтерілген. Мәжіліс депутаттары өндіріс орнының жұмысына жоғары баға беріп, кәсіпорын басшысына өдіріс орынын жетілдіруге сәттілік тіледі.


Мәжілісмендердің іс-сапары Қошқарата ауылдық округіндегі 9 елді мекенде жүргізіліп жатқан табиғи газ құрылысымен танысумен жалғасты. Табиғи газ құрылысын жүргізіп жатқан 3 мердігер компаниялар нысандардың құрылысын осы жылдың 31 тамызына аяқтау бойынша міндеттеме алған.


Тұрғындармен сұхбат барысында екі нысанның Аманжар және Қарабура елді мекенінің тұрғындары газ құрылысы жұмысын жүргізіп жатқан «AlaCon engineering» ЖШС жұмысына көңілдері толмайтынын жеткізді. Ауданның коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқаруышы Бақытжан Шырынбеков пен техникалық қадағалаушы мекеме өкілі «AlaCon engineering» ЖШС-і жүргізіп жатқан нысандарға қаржы кеш бөліну себепті құрылыс жұмысын аяқтау қыркүйек айының соңына дейін созылғанын түсіндірді.


Ал, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы аталған мердігердің жұмысына қатаң бақылау жүргізуді Келес аудандық филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясына тапсырды.