ТҮРКІСТАН: Келестік 99 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды

0
439

Жалпы, мектепті 2 591 оқушы тәмамдады.


ТҮРКІСТАН: Келестік 99 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды

Келес ауданында 99 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында биылғы оқу жылында 2 591 оқушы тәмамдаса, жалпы орта мектеп курсын 1 871 оқушы бітірген. Соның ішінде 25 мектептің 102 оқушысы «Алтын белгіге» үміткер болып тіркелсе, олардың үшеуі емтиханында үздік баға ала алмады. Ал, қалған 99 оқушы үздік баға алып, «Алтын белгі» иегері атанды.


Атап өтсек, биылғы жылы алғаш рет емтихан материалдары электронды нұсқада жеткізіледі және «Алтын белгіге» үміткерлердің жазбаша емтихан (эссе, алгебра және анализ бастамалары) жұмыстарын облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы жанынан құрылған комиссия тексеріп, қорытынды жасайды. Сондай-ақ, оқу жылының 2, 3 және 4 тоқсандарында басқа өңірден көшіп келген білім алушы болса, оны бұрынғы оқыған мектебінің тізімінен қарайды.