ТҮРКІСТАН: Келестік кандидат үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

0
1 678

Белсенділер мен еріктілер қолдау білдірді.


ТҮРКІСТАН: Келестік кандидат үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Келес ауданындағы депутаттыққа үміткер Байдуллаев Файзулла үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

«Nur Otan» партиясынан облыстық мәжілісіне депутаттыққа үміткер ретінде тіркелген Байдуллаев Файзулла Бірлесу ауылдық округіне қарасты Қазақстан ауылындағы үйлерді аралап, сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, партияның алға қойған мақсаты мен атқарар істері жайлы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, Келес ауданындағы «Jas Otan-дық» белсенділер мен еріктілер кандидатқа қолдау білдіріп, сайлаушыларға партияның сайлау қорының қаржысына дайындалған үгіт-насихат материалдарын үлестірді.

«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді