ТҮРКІСТАН: Келестік оқушы калифорниялық қызыл құрт өсірумен айналысады

0
622

Ғылыми жобалар конкурсына ұсынып, бағын сынамақ.


ТҮРКІСТАН: Келестік оқушы калифорниялық қызыл құрт өсірумен айналысады

Келестік оқушы калифорниялық қызыл құртты өсіріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданына қарасты №25 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Назым Шәміл соңғы жылдары калифорниялық қызыл құртты өсіріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуда.


Жас ғалымның жетекшісі Жәмила Ашированың айтуынша, эмбактерияның көмегімен тыңайтқыш өндіру және шылаушын көмегімен тыңайтқыш өндіру технологиялары топырақтың жағдайын жақсартып, ауыл халқының әл-ауқатын арттыруда өз септігін тигізген.


«Біздің өңірімізде қазір құрғақшылық пен өнімділіктің төмендеуінен топырақтың деградацияға ұшырауы және егіндік суының жетіспеуі сияқты мәселелер бар. Бұл мәселелердің түп негізі суды есепсіз пайдалану және ескірген ирригационды жүйелерді қолдану, аймақтың ауа райының өзгерушілікке бейім келуіне келіп тіреледі. Топырақтың құнарлығы егіншіліктің мол болуы мен экожүйенің тұрақтылығының кепілі бола алады. Сондықтан оқушым осы тақырыпта зерттеу жұмысын бастаған болатын. Алдымен ол өз тәжірибесінде химиялық тыңайтқыштың топыраққа әсер етуін сынап көрді», - дейді Жәмила Аширова.


Айта кетсек, алдағы уақытта Назым өз жобасын оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсына ұсынып, бағын сынамақ.