ТҮРКІСТАН: Келестік полицейлер оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді

0
1 153

Келес ауданында «Сақтықта қорлық жоқ» тақырыбында кездесулер ұйымдастырылуда.


ТҮРКІСТАН: Келестік полицейлер оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді

Полицейлер «Сақтықта қорлық жоқ» тақырыбында оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, оларға қатысты қылмыстарды болдырмау аясында Келес АПБ-нің Жергілікті полиция қызметінің ЮПТ-ның мектеп инспекторы полиция майоры Э.Есенкулова, №3 А.Молдағулова атындағы жалпы орта мектебінде 5-11 сынып оқушылары арасында жиналыс ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты - қазіргі заманда әр түрлі қауіпті адамдардың, заттардың, құбылыстардың бар екендігін, олардан сақтанудың жолдарын, олардың азаматтарға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, аулақ болуға тәрбиелеу болып табылады.

«Сақтықта қорлық жоқ» тақырыбында өткен кездесуде, бүгінгі таңда елді елең еткізіп орын алған түрлі келеңсіз жағдайларды сөз етіп, профилактикалық әңгімелер айтылды. Оқушыларға абай болуларын, мектеп қабырғасында бейтаныс азаматтар мен азаматшалар жүрген жағдайда мектеп қызметкерлеріне хабарлауларын, сабақ барысында дәретханаларға жалғыз бармауларын, өздеріне бейтаныс адамдармен байланыс жасамауларын, жолда жүрген кезде жол ережелерін сақтауларын айтып мектеп оқушыларын тәртіпке шақырды.

Сондай-ақ, мектеп қоршауларына тексеріс жүргізіп, мектеп бейнебақылау камераларының техникалық жай күйін бақылап, істен шыққандары болса, тез арада қайта қалпына келтіру Білім беру мекемесінің қызметкерлеріне ескертілді. Одан бөлек, мектеп әкімшілігін білім ордасында барынша қырағы болуға шақырды.

«Сақтансаң, сақтаймын» дегендей полицейлер жасөспірімдерге жаман әдеттерден аулақ болу, жақсыдан үйреніп, дұрыс жүруге дағдылану бойынша қажетті барлық кеңестерді берді. Мұндай келелі кездесулер алдағы уақытта да ұйымдастырылып отырмақ.