ТҮРКІСТАН: Келестік спортшы Азия біріншілігіне жолдама алды

0
603

Жарыста мыңнан астам спортшы бақ сынаған.


ТҮРКІСТАН: Келестік спортшы Азия біріншілігіне жолдама алды

Келестік спортшы Азия чемпионатына жолдама ұтып алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2022 жылдың 6-7 наурыз күндері Шымкент қаласында кіші жасөспірімдер арасында еркін күрестен Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Еркін күрестен жасөспірімдер арасында 52 келіде келестік Дүйсен Дастан жарыс жеңімпазы атанып, Азия біріншілігіне жолдама алды. Сонымен қатар 110 келіде Төлеуов Есбол және 48 келіде Әбіл Шерхан қола жүлдені қанжығасына байлады.


Жарыста республиканың барлық өңірінен жалпы 1000-нан астам спортшы бақ сынаған болатын. Аталған ел чемпионатының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер алдағы әлем және Азия біріншіліктеріне қатысу мүмкіндігіне ие болды.