ТҮРКІСТАН: Келестік жаттықтырушылар жаңажылдық кештен бас тартты

0
387

Олар тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарға қайырымдылық шараларын өткізуді қолға алды.


ТҮРКІСТАН: Келестік жаттықтырушылар жаңажылдық кештен бас тартты

Келес ауданында жаттықтырушылар жаңажылдық корпаративтік кештен бас тартты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар жаңажылдық корпаративтік кештен бас тартты. Бұл қаражатты қайырымдылық мақсатта жұмсамақ. Олар тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарға қайырымдылық шараларын өткізуді қолға алды.


«Келес» спорт клубының директоры Алишер Мамадияровтың бастамасымен спортпен шұғылданатын оқушыларға спорттық жабдықтар үлестірілді.


«Біз жаңа жыл қарсаңында балаларға қуаныш сыйлауды ұйғардық. Көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына кішігірім болса да өздеріне қажетті заттарды алып бердік. Бастаманы қолдаған әріптестеріме алғыс айтамын. Бұйырса, алдағы уақытта бүлдіршіндеріміз еліміздің атын асқақтатып, мерейімізді арттырарына сенімдімін. Қайырымдылық ең ізгі іс. Оған атсалысу біздің парызымыз», – дейді «Келес» спорт клубының директоры.


Айта кетейік, қайырымдылық шарасында 40-тан астам спортшы оқушыларға қыстық аяқкиім, күртеше, спорттық киімдер мен сөмке берілді. Өз кезегінде ізгі шараны қолға алған азаматтарға оқушылар мен олардың ата-аналары алғыстарын жеткізді.