ТҮРКІСТАН: Келестің ұлағатты ұстаздары ұлықталды

0
601

Облыс әкімінің марапаттары табысталды.


ТҮРКІСТАН: Келестің ұлағатты ұстаздары ұлықталды

Келес ауданында ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мерекелік жиынға ауданның ардагер ұстаздары мен ұлағатты ұстаздары қатысты. Шараға арнайы қатысқан Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев барша ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, игі тілегін арнады. Кәсіби мереке қарсаңында білім және ғылым саласына өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп және де аймақтағы әдістемелік қызметті ұйымдастырып жүрген ұлағатты ұстаздар мен бөлім әдіскерлерін ҚР Білім және Ғылым министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының, Түркістан облысының әкімі мен Келес ауданының әкімінің марапаттарын табыстады.


Іс-шара барысында аудандық мәслихат хатшысы Арын Тотиков шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздарға ақ тілегі мен ыстық ықыласын білдірді. Түркістан облысының мәслихат хатшысы мен Келес ауданының мәслихат хатшысының марапаттарын табыстады.


Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бақтияр Абдиев Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқарма басшысы мен Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының марапаттарын ұсынып, марапатқа ие болған мұғалімдердің барлығы жыл бойы жақсы нәтижеге қол жеткізіп, өз ісінің хас шеберіне айналған кәсіби мамандар екенін атап өтті.


Жиын мерекелік концерттік бағдарламаға ұласып, ұстаздар қауымына ән мен жырдан шашу шашылды. Мерекелік концерт жиылған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады.